×
30.09.2022, 14:53
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Ауыл» партиясының атынан президент сайлауына кім түсетіні белгілі болды

Съезге қатысқан делегаттар Жигули Дайрабаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдап дауыс берді

«Ауыл» партиясының атынан президент сайлауына кім түсетіні белгілі болды
Фото: ашық дереккөзден

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтіп, алдағы президент сайлауына партия атынан кім түсетіні белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.

Партия төрағасы Әли Бектаев кезектен тыс саяси кеңестің шешімі бойынша президент сайлауына үміткер ретінде Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Молдахалықұлы Дайрабаев ұсынылатынын айтты.

Съезге қатысқан делегаттар Жигули Дайрабаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдап дауыс берді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері