×
22.09.2022, 18:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Президент сайлауының бюллетеньдерінде «бәріне қарсы» деген баған болады

Сайлау 20 қарашада өтеді

Президент сайлауының бюллетеньдерінде «бәріне қарсы» деген баған болады
Фото: дерекөзден

20 қарашада кезектен тыс өтетін Қазақстан Президентінің сайлау бюллетендерінде «барлығына қарсы» деген баған болады, хабарлады Elorda.info.

«Барлығына қарсы» бағаны заң бойынша қарастырылған. Әрине, ол болады. Азамат бірде-бір кандидатты таңдамаса, барлығына қарсы дауыс беруге құқылы, — деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа бағанды енгізу туралы 21 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын.

Сайлау бюллетендерінде «барлығына қарсы» деген баған пайда болды, — деп мәлімдеген еді Тоқаев.

Гүлжан Уалиева

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері