×
22.09.2022, 11:26
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну қашан басталатыны белгілі болды

3 қыркүйекте басталады және 11 қазанда сағат 18.00-де аяқталады

Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну қашан басталатыны белгілі болды
Фото: ашық дереккөзден

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауына қатысу үшін кандидаттар ұсыну қашан басталатынын мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Президент лауазымына кандидаттарды ұсыну сайлау белгіленген күннен кейінгі келесі күні басталады. Яғни 2022 жылғы 23 қыркүйекте басталады және 11 қазанда сағат 18.00-де аяқталады, - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Президенттікке кандидат ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктерге тиесілі болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері