×
22.09.2022, 10:49
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Сенат Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке тізімінен шығаратын құжатты қабылдады

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болып белгіленетін өзгерістер енгізу қарастырылған

Сенат Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке тізімінен шығаратын құжатты қабылдады
Фото: ашық дереккөзден

Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер тізімінен шығаруға бағытталған заңды қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қамтылған.

Осы орайда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болып белгіленетін өзгерістер енгізу қарастырылған. Сондай-ақ 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастау ұсынысына қолдау жасалды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері