×
16.08.2022, 18:35
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

Президент Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлады Elorda.info «БОРТ N1» Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аудиттің жоғары органының биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары, сондай-ақ Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуы барысы жөнінде баяндалды. 

Президентке ұсынылған ақпаратқа сәйкес есептік кезеңде 1,3 триллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын қамтитын 77 нысанда 14 аудиторлық іс-шара өткізілді. 

Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру бойынша әзірленген тәсілдер жөнінде ақпарат берді. 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері