×
16.08.2022, 12:24
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қорғаныс министрі жұмыс сапарымен Мәскеуге барды

Қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Халықаралық армия ойындарының ашылуына қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Қорғаныс министрі жұмыс сапарымен Мәскеуге барды
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен

Салтанатты рәсім Мәскеу облысының «Алабино» полигонында өтті. Биыл әскери-спорттық жарыстарға 70-тен астам мемлекет қатысып жатыр.  

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов «Танк биатлоны» конкурсында сайысқа түсетін қазақстандық команданың басшысымен, жаттықтырушылар құрамымен және экипаж мүшелерімен кездесті. Ол әскери қызметшілерге жауынгерлік көңіл-күй, сенімділік пен сәттілік тіледі. Қазақстандық танкистер бірінші дивизионның екінші айналымындағы жеке жарыста жасыл түсті танкте өнер көрсетеді. 

Жұмыс сапары аясында Руслан Жақсылықов Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі Х Мәскеу конференциясының жұмысына қатысты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері