×
15.07.2022, 22:16
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Отандық техниканы алуға арналған несиелеу бағдарламасы іске қосылады

Ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту ағымдағы лизингтік қаржыландыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Отандық техниканы алуға арналған несиелеу бағдарламасы іске қосылады
фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторының (РОП) қаражатын пайдалана отырып, отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жеңілдетілген кредит беру тетігін енгізу механизмі пысықталып жатыр.

Ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаппай жаңарту – өзекті мәселе. Қаржыландырудың барлық мүмкін көздерін пайдалану маңызды. ӨКМ Операторының қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу мақсатында жеңілдетілген несие беру тетігін енгізуді тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Айта кетерлігі, 2022 жылы осы бағдарламаны іске асыруға 3,5 млрд теңге көзделген. Ал араластыру арқылы лизингтік қаржыландыруға бөлінген қаржы көлемі – 7 млрд теңге.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері