×
07.07.2022, 21:17
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандық теңізшілер өзге елдің кемесінде жұмыс істеуі мүмкін

Еліміз бірқатар мемлекетпен теңізшілердің кәсіби дипломдарын өзара тану туралы келісім жасаспақ, деп хабарлады Elorda.info Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теңізшілер өзге елдің кемесінде жұмыс істеуі мүмкін
Фото:ҚР Қорғаныс министрлігінен

Ресейдің Көлік министрлігі Қазақстанмен теңізшілердің кәсіби дипломдарын тану туралы екіжақты өзара келісім жасасу туралы бастаманы көтерді. Бұл келісім екі мемлекеттің теңізшілердің екінші елдің туын көтеріп жүзетін кемелерде кедергісіз жұмыс істеу алуы үшін Теңізшілерді даярлау және дипломдау және вахта атқару туралы халықаралық конвенцияда қарастырылған.

Сонымен қатар аталған келісім мамандар даярлауда өзара ынтымақтастықты арттыруға, оқу орындарының тиімді әдістер мен тәжірибе алмасуына ықпалын тигізбек.

Әріптестік туралы келісімге мемлекеттер арасындағы ресми құжаттамалық рәсімдер аяқталғаннан кейін, яғни биылғы жылдың аяғына қарай қол қойылады деп күтілуде. 2024 жылдың соңына дейін Каспий маңындағы өзге де мемлекеттермен және Түркиямен жасау көзделіп отыр.

Айта кетейік, 2021 жылдың қазан айында Қазақстан Халықаралық теңіз ұйымының «ақ тізіміне» енгізілгені туралы және әлемдік ұйымның теңізшілерді даярлаудың қазақстандық білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға толық сәйкес деп танылған еді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері