Нұр-Сұлтан 11.6°
×
24.06.2022, 18:02
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Мәскеуде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен

Кездесуде әлемдегі әскери-саяси жағдай, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдірінің қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің ұлғаюы туралы ақпарат тыңдалды.

Достастық елдері Қарулы күштеріндегі авиацияның ұшу қауіпсіздігінің 2021 жылғы жай-күйі туралы деректер назарға алынды. Инженерлік әскерлер үшін мамандар даярлау бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымы қызметінің мәселелері қаралды.

ТМД мемлекеттері Қарулы күштерін метрологиялық қамтамасыз етуді 2025 жылға дейін жетілдіру жөніндегі бірлескен жұмыстардың бағдарламасы мақұлданды. Сонымен бірге, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің 2023 жылға арналған бірлескен іс-шаралары бекітілді.

Кездесу алдында сондай-ақ Орталық Азия елдері мен Ресейдің жеке отырысы өтіп, онда Ауғанстандағы жағдай талқыланды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері