Нұр-Сұлтан 22.9°
×
22.06.2022, 18:04
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Тоқаев Абай облысындағы түйткілді мәселелерді шешуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты қабылдап, өңірдің қазіргі жағдайы туралы баяндамасын тыңдады, деп хабарлады Elorda.info. 

Тоқаев Абай облысындағы түйткілді мәселелерді шешуді тапсырды
Фото: akorda.kz

Облыс әкімі жылумен жабдықтау, жылу электр орталығын салу, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру, мектептер мен ауруханалар және тағы басқа да әлеуметтік нысандар салу сияқты өзекті мәселелер бар екенін жеткізді.

Нұрлан Ұранхаев аймақтың ішкі инфрақұрылымын қалпына келтіру басым міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Абай облысын қалпына келтіру жолындағы түйткілді мәселелерді жүйелі түрде шешу туралы тапсырма берді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері