Нұр-Сұлтан 22.9°
×
22.06.2022, 13:01
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Яндекс. Такси» сияқты жоба жасау тиімді болмайды – Бағдат Мусин

Қазақстанға «Яндекс. Такси» секілді жоба жасау тиімді болмайды. Ол үшін қыруар қаржы керек. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлады Elorda.info

«Яндекс. Такси» сияқты жоба жасау тиімді болмайды – Бағдат Мусин
Фото: Ашық дереккөз

 «Қазақстан үшін «Яндекс. Такси» сияқты жоба жасау тиімді болмайды. Себебі, бұл жоба әлемде танымал болуы керек. Бізге DIDI деген такси жобасы кірейін деді. Алайда олар нарыққа кіре алмады. Қытайдың қанша қаражаты болса да, «Яндекс. Таксиге» төтеп бере алмады. Ол млрд-таған қаражатты талап етеді. Оны мемлекет бөле алмайды ғой. Ол қаржыны венчурлық инвесторлардан тарту керек. Венчурлық инвесторлар әлем бойынша ондай қызықты жобаларды өздері іздейді. Олар жасанды интеллект, карталар  бойынша жасалып жатқан жаңа жобаларға қаржы құйғысы келеді», - деді министр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері