Орталық сайлау комиссиясының отырысында Сенат депутаты Бейбіт Исабаевтың және Парламенті Мәжілісінің депутаттары Берік Әбдіғалиұлы мен Саясат Нұрбектің өкілеттіліктері тоқтатылды, деп хабарлады Elorda.info ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің қатысуымен өткен жиында Сенат депутаты Бейбіт Исабаевтың және Мәжіліс депутаттары Берік Әбдіғалиұлы мен Саясат Нұрбектің өкілеттіліктерін тоқату туралы қаулылар қабылданды.
Сонымен қатар Берік Әбдіғалиұлы мен Саясат Нұрбектің ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Мәжіліске енгізілді.