Нұр-Сұлтан 17.9°
×
14.06.2022, 11:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жаңадан тағайындалған министр Саясат Нұрбек салтанатты түрде ант берді

Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалған Саясат Нұрбек салтанатты түрде ант берді, деп хабарлады Elorda.info.

Жаңадан тағайындалған министр Саясат Нұрбек салтанатты түрде ант берді

Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани дамуы ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін, - деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысының ашылуында.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері