Нұр-Сұлтан 11.6°
×
07.06.2022, 12:46
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Референдумның толық қорытындысы шығарылды

Орталық референдум комиссиясы 5 маусымда өткен Қазақстан Конституциясына өзгертулер мен толықтыруларға қатысты референдум қорытындысын жария етті, деп хабарлады Elorda.info.

Референдумның толық қорытындысы шығарылды
Фото: Elorda Aqparat

Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 734 642 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны – 7 985 769. Бұл референдумға қатысушы азаматтар санының 68,05 пайызын құрады. Осылайша референдум өтті деп есептеуге болады, - деді ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Оның айтуынша, елдің барлық өңірінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың 77,18 пайызы немесе 6 163 516 адам конституциялық түзетулерді жақтап дауыс берді. Бұл 17 аймақтың әрқайсысында абсолюттік көпшілікті құрайды.

Конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтардың саны дауыс беруге қатысқандардың 18,66 пайызын құрады немесе 1 490 477 адам. Осылайша, «Республикалық референдум туралы» заңның 31, 34-баптары негізінде еліміздің негізгі заңына ұсынылған өзгертістер қабылданды деп есептелінеді, - деді ол.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері