Нұр-Сұлтан 9.9°
×
06.06.2022, 19:39
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Билік пен халықтың байланысы, көзқарасы жаңа деңгейге көтерілді – Ерлан Қарин

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Ата Заңдағы өзгеріске қатысты өткен референдумға өз пікірін білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Билік пен халықтың байланысы, көзқарасы жаңа деңгейге көтерілді – Ерлан Қарин
Фото: ашық дереккөз

Ол референдумға қатысты ойын telegram-арнасында жазған.

Конституцияға өзгеріс енгізу бойынша референдум өтті. Орталық комиссия мәліметінше, дауыс беруге халықтың 68,06 пайызы қатысты. Түзетуді қолдайтындар қатары 77,18 пайыз. Бұл билік пен халықтың байланысы, көзқарасы жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді, - деді Ерлан Қарин.

Сондай-ақ ол Президент ұсынған реформалардың қоғамдық қолдау тапқанын да ерекше атап өтті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері