Нұр-Сұлтан 11.6°
×
06.06.2022, 15:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

406 мыңға жуық астаналық референдумға қатысты

Нұр-Сұлтандағы сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 57 пайызы бюллетень алды, конституциялық түзетулерді 79,59 пайызы қолдады, деп хабарлады Elorda.info Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

406 мыңға жуық астаналық референдумға қатысты
Фото: Оңалхан Өнерхан

Айта кетейік, қала бойынша барлығы 348 учаске жұмыс істеді, оның 248-і – ашық, 35-і – жабық, тағы 65-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде орналасты.

Нақты себептермен өз учаскелеріне бара алмаған астаналықтарға үйінде отырып дауыс беру мүмкіндігі жасалды, оларға жәшіктері бар бюллетеньді арнайы көшпелі сайлау комиссиясы жеткізді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері