×
05.06.2022, 16:45
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бас мүфти референдумда дауыс берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Сұлтан қаласындағы Оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан №59 референдум учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлады Elorda.info Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Бас мүфти референдумда дауыс берді
фото: ашық дереккөзден

Бүгін осы елдің азаматы ретінде игі бастамаларды қолдап, референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Біз ел болашағын жарқын ету жолындағы тарихи қадамдарды қолдаймыз. Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп етіп, тәуелсіздігімізді баянды еткей. Әмин», - деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында.

Айта кетейік, сағат 16.00-дегі жағдай бойынша 7 127 366 адам дауыс берді. Бұл - тізімге енгізілген азаматтардың  60.8 пайызын құрайды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері