Elorda.info

АҚШ Мемлекеттік хатшысы елімізге жұмыс сапарымен келді

Орталық Азия елдеріне сапары аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдум қарсаңында АҚШ Мемлекеттік хатшысы келді, деп хабарлады Elorda.info СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

АҚШ Мемлекеттік хатшысы елімізге жұмыс сапарымен келді

Америкалық дипломатты ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қабылдап, сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту және нығайту перспективалары жөнінде пікір алмасты.

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллинмен кездесуде екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібінің кең ауқымды мәселелері қозғалды. Тараптар қазақстандық-америкалық ынтымақтастықтың даму қарқынына қанағаттушылық білдірді.

Дональд Лу азаматтық қоғамның қарышты дамуы мен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң динамиканы атап өтіп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған саяси реформаларға қатысты АҚШ Әкімшілігінің қолдауын атап өтті.

 

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Саясат