Нұр-Сұлтан 14.5°
×
25.05.2022, 16:54
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Тоқаев АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады, 

Тоқаев АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Президенті Джозеф Байденге Техас штатының Увальде қаласындағы Робб бастауыш мектебінде болған атыс салдарынан мектеп оқушылары мен басқа да азаматтардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Мен техастықтардың және сіздің барлық отандасыңыздың қайғысына ортақтасамын – делінген Қазақстан Президентінің жеделхатында.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері