Нұр-Сұлтан 22.7°
×
25.05.2022, 18:56
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Референдум мемлекет үшін де, халық үшін де маңызды процесс – Алуа Жолдыбалина

Сайлау да, референдум да, екеуі ұқсас процес. Яғни, халық қатысады, дауыс береді. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина екеуінің арасындағы айырмашылықты түсіндіріп өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Референдум мемлекет үшін де, халық үшін де маңызды процесс – Алуа Жолдыбалина
Фото: ortcom.kz

Референдумда кез келген мәселе күн тәртібіне шығарыла бермейді. Ең жиі қаралатын мәселе – Конституцияға енгізілетін өзгеріс. Екіншісі, Президенттің өкілеттігін ұзартуға байланысты референдум. Үшіншісі, тәуелсіздікке қатысты. Мысалы, мемлекет бір одаққа мүше болғанда немесе мүшеліктен шыққанда референдум өткізіледі. Яғни осындай ел үшін де, халық үшін де тарихи маңызды мәселелер көп жағдайда референдумға шығарылады. Ал сайлауда халық  кандидатқа, партияға немесе президентке үміткерге дауыс береді, - деді А.Жолдыбалина.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері