Нұр-Сұлтан 14.5°
×
25.05.2022, 13:31
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Цифрлық майнингке салық жүктемесі күшейеді

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Цифрлық майнингке салық жүктемесі күшейеді
Фото: ашық дереккөзден

Келесі ұсынылып отырған өзгеріс – цифрлық майнингке салық салуды күшейту. Осы жылдың басынан бері тұтынылған электр энергиясының 1 кВт-сағатына 1 теңге мөлшерінде цифрлық майнинг үшін төлем енгізілді. Электр энергиясының құны бойынша жүктемені теңестіру, сондай-ақ отандық электр энергиясына қатысты сараланған мөлшерлемелер ұсынылады. Электр энергиясының құны неғұрлым төмен болса, төлем мөлшерлемесі соғұрлым жоғары болады. Бұл ретте, қайта қалпына келетін көздерден өзі өндірген электр энергиясы үшін қолданыстағы деңгейде төмендетілген мөлшерлемелер қарастырылған, - Әлібек Қуантыров.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері