Нұр-Сұлтан 16°
×
23.05.2022, 14:21
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Олжас Сүлейменов жаңа партия құратынын мәлімдеді

Ақын Олжас Сүлейменов Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан халық конгресі» деген жаңа партия ашатынын мәлімдеді деп хабарлады Elorda.info

Олжас Сүлейменов жаңа партия құратынын мәлімдеді
Фото: дереккөз

Ол баспасөз өкілдерімен кездесуде жер және оның қойнауы халыққа тиесілі болуы керек екенін, әрбір қазақстандыққа ұлттық ресурстардан кепілдендірілген табыс түсуі қажеттігін атап өтті.

30 жыл бұрын халық конгресі айтқан сөзді, яғни жер және оның қойнауы халыққа тиесілі болуы керек екенін кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайталады, – деді Олжас Сүлейменов.

Сондай-ақ ақын партия құратыны туралы хабарландыруға қол қойып, тиісті органға жолдағанын хабарлады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері