ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Елнұр Бейсенбаев, Мәди Ахметов, «AMANAT» партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек, «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев, Алматы қаласындағы параспортшылармен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Әлеуметтік қолдау әрі тең қоғам құру принципін ұстанатын параспортшылардың алдағы өзгерістерден күтетіні көп.
- Конституция – мемлекетте заң билігін жүргізетін, халықтың құқығын қорғайтын ең басты құжат.
Соңғы 30 жылдағы конституциялық реформа – тәуелсіздік тарихындағы жаңа белес. Мұның бәрі уақыт талабынан және қоғам сұранысынан туындап отыр. Өйткені аталмыш өзгерістер еліміздегі сайлау жүйесі, президент өкілеттілігін шектеу, жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайтуға, сонымен қатар адам құқықтарын сақтау мәселелеріне бағытталған.
Осыған орай, Ата заңға енгізілген өзгерістер халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмысын түзеу, тың бастамаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратыны ақиқат.
Себебі, ашық саяси реформасыз, әділетті әлеуметтік қоғам құру мүмкін емес, - деді параспортшылармен кездесу барысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.