Нұр-Сұлтан 10.1°
×
19.05.2022, 19:01
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек – Тоқаев

Бұл туралы бүгін Ақордада өткен отандық бизнес өкілдерімен кездесу кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек – Тоқаев
Фото: Ашық дереккөзден

«Түптеп келгенде, келешегіміз экономиканың мықты болуына байланысты. Осы орайда кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы барлығына бірдей әділ қызмет ету үшін ашық экономиканы қалыптастыру саясатын жалғастыратынын айтты. Бұл тұрғыда Президент «майшелпек» орындар мен лауазымдарды қайта бөліске салу деген болмайтынын және оған жол берілмейтінін атап өтті.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері