Нұр-Сұлтан 9.2°
×
19.05.2022, 18:29
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Әр азаматымыздың дауысы айрықша рөл атқарады - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде 5 маусым күні өтетін республикалық реферндумның маңызын атап өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Әр азаматымыздың дауысы айрықша рөл атқарады - Тоқаев
Фото: Ашық дереккөзден

«5 маусымда республикалық референдум өтеді. Ата заңымызға өзгерістер енгізіледі. Халқымыз осындай бетбұрыс кезеңінде ел болашағын айқындауға тікелей атсалысатын болады. Жауапты сәтте әр азаматымыздың дауысы айрықша рөл атқарады», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент бизнес өкілдерімен 4 ай бұрын болған кездесуге тоқталды.

«Өткен жолғы басқосуда өзара пікір алмасып, жаңа ұстанымдарды айқындадық. Бірлесе жұмыс істеудің жолдарын нақтыладық. Мен бірқатар тапсырма бердім. Төрт ай деген аса көп уақыт емес. Бірақ, осы аралықта ел ішінде және әлемде талай нәрсе өзгерді. Жаңа Қазақстанды құруға кірістік»», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері