Нұр-Сұлтан 9.2°
×
19.05.2022, 17:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Елордадағы «Достық» үйінде референдумның мән-маңызы талқыланды

Нұр-Сұлтандағы Елордадағы «Достық» үйінде еліміздің шығармашылық және интеллигенция өкілдері Констиуцияға түзетулер енгізу жөніндегі референдумның мән-маңызын талқылады, деп хабарлайды Elorda.info.

Елордадағы «Достық» үйінде референдумның мән-маңызы талқыланды
Фото: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың күні кеше Түркияға ресми сапары барысында “Менің мақсатым – туған халқыма барынша мол бостандық беру” деген болатын. Күні ертең болатын референдумның да басты мақсаты – Қазақстан халқына, біздің елімізге барынша мол еркіндік алып келу, мемлекетті билеу ісіне халықты барынша кеңінен қатыстыру. Біз белгілі бір дәрежеде өзімізді өзіміз тұқыртыңқырап, “жас мемлекетпіз” дегенді айтып келдік те, сол комплекс өзіміздің демократияға қатысты мәселелерде уақыт талабынан кеш қалғанымызды көрсетіп берді. Конституциялық реформаның басты мақсаты – әсірепрезиденттік биліктен парламенті мықты парламенттік билікке сүйенген мемлекетке көшу. Кез келген нәрсенің екі жағы бар. Бір кездері суперпрезиденттік басқару жүйесінде болғанымыз үшін байбалам салуға болмайды. Сол кездері бізге дәл осындай билеу жүйесі керек болды. Ел ретінде еңсе тіктеп, тәуелсіздік туын жоғары көтеріп жатқан алғашқы жылдары биліктің бір қолға шоғырлануы өзін-өзін ақтады. Бірақ, өкінішке қарай, бұл кезең созылыңқырап кеткені рас. Енді жаңа Қазақстанды құрар сәт туды. Бүгінде референдум идеясын халық қолдап отыр. Бүгін “Достық үйінде” өткен кездесуде соны көрсетіп берді. Біз референдумның жұмысы табысты боларына сенеміз, – деді Парламент Мәжілісінің депутаты, журналист Сауытбек Әбдірахманов.

Белгілі ақын Дәулеткерей Кәпұлының айтуынша, қазіргі таңда халыққа референдум туралы егжей-тегжейлі түсіндіру өте маңызды.

Қазақ өмірінде мемлекетіміздің тағдырына байланысты мәмілелі шешімдер қабылданатын сәт те келіп жетті. Қазір елдің ішінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр, халық қалаулылары қазір жер-жерде қандай баптар өзгереді, жалпы қандай толықтырулар болады дейтін дүниелерді түсіндіріп келе жатыр. Бұл жаңа Қазақстанды құруда аса бір маңызды іс екені белгілі, – деді ол.

Жиынға сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері мен елорда әкімдігінің «Руханият» КММ ұжымы қатысты.

 

 

 

 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері