Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге барды, – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президентімен кездесті
Айта кетейік, ұйымның іс-шарасы бүгін Кремльде өтеді.