Нұр-Сұлтан 25.3°
×
13.05.2022, 14:43
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Пусанда Қазақстанның Бас консулдығы ашылды

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында Қазақстанның Бас консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Пусанда Қазақстанның Бас консулдығы ашылды

Бас консулдық Президент Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы 20 тамыздағы Жарлығымен Қазақстанның Пусан қаласы және Корея Республикасының оңтүстік-шығыс аймағымен саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылын жандандыру үшін ашылды.

Қазақстанның Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Б.Дүйсенбаев құттықтау сөзінде Бас консулдықтың ашылуына атсалысқаны үшін Корея Республикасының Үкіметіне, Корея Республикасының Сыртқы істер министрлігіне және Пусан қаласының әкімшілігіне ерекше алғысын білдірді.

Сондай-ақ, елші Б.Дүйсенбаев Қазақстанның Бас консулдығының ашылуы Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келген тарихи оқиға екенін атап өтті.

Сонымен қатар, ашылу салтанатында Қазақстанның Пусандағы Бас консулы А.Қашабаев сөз сөйледі. Ол құттықтау сөзінде Бас консулдықтың екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін барлық күш-жігерін салатынын атап өтті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері