×
10.05.2022, 17:18
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Референдум Президенттің реформаторлық бағытының жалпыұлттық сипатын қамтамасыз етеді – мәслихат депутаты

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, AMANAT партиясы Сарыарқа аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Гүлжамал Жапарова референдум өткізу идеясының өзі мемлекеттік билікті демократияландыруға жасалған шын мәніндегі үлкен қадам екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Референдум Президенттің реформаторлық бағытының жалпыұлттық сипатын қамтамасыз етеді – мәслихат депутаты
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Мақсаты - еліміздің басты Заңына, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен түзетулер енгізу.
Референдум өткізу идеясының өзі - мемлекеттік билікті демократияландыруға жасалған шын мәніндегі үлкен қадам. Бұл тағдыршешті шешім, ол сараптамалық топтарда ғана емес, сонымен қатар халықтың әртүрлі топтарында да бірауыздан қолдау тапты.
Алдағы референдум Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың реформаторлық бағытының жалпыұлттық сипатын қамтамасыз етеді, екінші республиканың қоғамдық заңдылығын және оның құқықтық негізінің мызғымастығын нығайтады, сол арқылы қоғамның өзі Негізгі заңның авторы болады.
Референдум өткізу мемлекеттің одан әрі тұрақты дамуы үшін, біздің ертеңгі күнге деген сеніміміз үшін қажет, мемлекеттік саясаттың дәйектілігі мен болжамдылығын көрсетеді деп санаймын, - деді ол.

Сондай-ақ мәслихат депутаты референдумның қорытындылары қазіргі Мемлекет басшысының саясатына деген халықтық сенімнің көрінісі болатынын және елдің саяси кеңістігінде мүлдем жаңа болмысты қалыптастыратынын айтты.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, баршаңызды республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырамын! – деді Гүлжамал Жапарова.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері