×
29.04.2022, 17:13
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Сенат депутаты: Президент ұсынған жалпыхалықтық референдум – тарихи шешім

Президентіміз ҚХА  кезекті сессиясында ел Конституциясына өзгеріс енгіземіз, бірақ оны жалпыхалықтық референдум арқылы халықтың таңдауына қарай жасайық деген ұсынысын жұртшылық қуана қолдап жатыр.

Мұндай пікірді Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы айтты, деп хабарлады Elorda.info

Сенат депутаты: Президент ұсынған жалпыхалықтық референдум – тарихи шешім
Фото: ашық дереккөз

Шынында да екінші Конституция 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған еді. Содан бері 27 жыл уақыт өтіпті. Оған қаншама өзгертулер енгізілді. Еліміздің бұл бас заңы биліктің үш тармағының тепе-теңдігін тек қағаз жүзінде ұстап, ал іс жүзінде авторитарлық суперпрезидентік билік орнатты. Демократияның негізгі принциптері бұзылды. Қазір жағдай мүлдем бөлек.  Президенттің басты ұстанымы халықтың үніне құлақ асатын бір-біріне тәуелсіз Атқарушы, Заң шығарушы және Сот билігін орнату. Бүкіл өркениетті елдердің ұстанымы осындай. Демократияның бұдан басқа жолы жоқ. Сондықтан да Президентіміздің жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңға өзгерістер енгізу ұсынысы - келешек тарихи-саяси шешім болып қалатыны сөзсіз. Мен Президентіммен мақтанамын, – деді сенатор.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері