Нұр-Сұлтан 8.6°
×
27.01.2022, 18:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Үндістан экономикалық дамуда елеулі жетістіктерге жетті – Тоқаев

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Үндістан» онлайн саммитіне қатысып, Үндістанның экономикалық жетістіктері туралы сөз етті, деп хабарлады Elorda.info.

Үндістан экономикалық дамуда елеулі жетістіктерге жетті – Тоқаев
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Президенті Орталық Азия мен Үндістан лидерлерінің саммитін өткізу туралы уақытылы әрі табысты бастамасы үшін Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге алғысын айтты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы өз сөзінде барша Үндістан халқын кеше атап өтілген Республика күнімен құттықтады.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан өзінің егемендігі жылдарында экономикалық дамуда елеулі жетістіктерге жеткенін атап өтті.

Осы саммиттің біздің елдер арасында дипломатиялық қатыныстардың орнауына 30 жыл толған мерзімде өтіп жатқаны символдық мәнге ие, - деді ол.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері