Нұр-Сұлтан 22.7°
×
25.01.2022, 15:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қытай Қазақстанға көмек көрсетуге дайын – Си Цзиньпин

Бүгін «Орталық Азия-ҚХР» онлайн саммитінде Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін Қазақстанға қолдау мен көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қытай Қазақстанға көмек көрсетуге дайын – Си Цзиньпин
фото: akorda.kz

Біз бәріміз сыртқы күштердің аймақтағы түрлі төңкерісті шабыттандыруға, адам құқықтары деген сылтаумен ішкі істерге араласуға, халқымыздың тыныш өмірін бұзуға тырысуына үзілді-кесілді қарсы боламыз. Жақында Қазақстандағы тәртіпсіздіктер адам өліміне және материалдық шығын әкелді. Қазақстанның көршісі әрі досы бола отырып, Қытай Қазақстанның зорлық-зомбылықты тоқтату және жағдайды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерін барынша қолдайды. Қытай Қазақстанға қолдау мен көмек көрсетуге дайын. Президент Тоқаевтың берік басшылығымен Қазақстан халқы өз елі үшін жарқын болашаққа ұмтылады деп сенемін, - деді Си Цзиньпин.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері