Нұр-Сұлтан 16.7°
×
21.01.2022, 13:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Тоқаев саяси трансформацияның магистралды бағдарынан еш ауытқу болмайтынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуі барысында Қазақстанда саяси трансформация және қоғамды жаңғырту саясаты жалғасатынын мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info

Тоқаев саяси трансформацияның магистралды бағдарынан еш ауытқу болмайтынын айтты
Фото: ашық дереккөз

Билік пен бизнестің сындарлы өзара іс қимылы әлеуметтік тұрақтылықтың мығым негізін құрады. Ал ол өз кезегінде экономикалық, сонымен қатар саяси реформаларды сәтті жүзеге асыру үшін маңызды шарт саналады, - деп атап өтті Президент.

Тоқаев саяси трансформация және қоғамды жаңғырту бағыты жалғасатындығын баса айтты.

Таяуда саяси трансформацияның магистралды бағдарынан еш ауытқу болмайтынын мәлімдеген едім. Мен Мемлекет басшысы ретінде саяси трансфромация және қоғамымызды жаңғырту саясатын жалғастыра беретін боламын. Сондықтан экономикалық реформалар бағдарламаларымен бірлесіп жұмыс істеу қажет. Реформа бағыты берілді. Нарықтық әлеуметтік бағдарланған және әртараптандырылған экономикаға көшу керек, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері