Нұр-Сұлтан 9.4°
×
20.01.2022, 17:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жаксап.

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
Фото: дереккөз

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Президенттер келіссөздер процесін екі ел үкіметтерінің басшылығы деңгейінде жандандыруға уағдаласты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзиттік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады. Өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері