Нұр-Сұлтан 11°
×
20.01.2022, 11:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» АҚ реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» АҚ реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» АҚ реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді
фото: ашық дереккөзден

Аталған құрылымды реформалаудың ұсынылып отырған жолдары туралы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров және басқа да мемлекеттік органдардың басшылары баяндады.

Үкімет басшысы қызметтің тиімділігі мен ашықтығын арттыру, сондай-ақ жұртшылық тарапынан бақылауды күшейту мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ-ны реформалаудың ұсынылған шараларын одан әрі пысықтауды тапсырды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері