Нұр-Сұлтан 14.5°
×
19.01.2022, 11:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мәжіліс ЕАЭО-ның электр энергетикалық нарығына қатысты құжатты мақұлдады

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлады Elorda.info.

Мәжіліс ЕАЭО-ның электр энергетикалық нарығына қатысты құжатты мақұлдады
фото: ашық дереккөзден

Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің ұлттық электр энергиясы нарықтарын интеграциялау жолымен қалыптастыру жоспарлануда. Жоспарда Хаттамада көзделген ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыруға бағытталған қағидаларды бекіту және күшіне енгізу мерзімдері белгіленген. Хаттамамен ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру, оның жұмыс істеу және даму негіздері бойынша нақтылаулар енгізілді. ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығының жұмыс істеу қағидаларымен реттелетін салалар белгіленеді. Ұлттық нарықтардың ерекшеліктерін ескере отырып, тараптар ЕАЭО-ның ортақ нарығын қалыптастыру кезінде қолданыстағы ұлттық электр энергетикалық нарықтарды, оның ішінде қуат нарықтарын сақтау жөнінде келісімге қол жеткізді, - деді Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері