Нұр-Сұлтан 13.9°
×
18.01.2022, 17:48
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Тойды уақытша тоқтату керек - Премьер-министр орынбасары

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елдегі эпидахуалдың нашарлауына байланысты мерекелер мен жиындарды тоқтату керектігін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Тойды уақытша тоқтату керек - Премьер-министр орынбасары
фото: ашық дереккөзден

Бүгінде елдегі қоғамдық-саяси жағдай тұрақталды. Қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Алайда  - коронавирус індеті өршіп барады. Сондықтан  -  маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және т. б. алдын алу шараларын қолдану қажет. Тойды, жиынды, отбасылық мерекелерді, негізсіз бас қосуды, қыдыруды уақытша тоқтату керек! Ауру адамдар оқшаулану керек! Бұл – бүгінгі күннің, бүгінгі жағдайдың  талабы! Бұл – айналадағы сіз жақсы көретін адамдарға қауіп төндірмеудің жолы! Бұл – саналы қоғамның әр азаматының мойнына алатын жауапкершілігі! Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік, ағайын! Барлық қолданылып жатқан шаралар халқымыздың денсаулығын қорғауға бағытталғанын тағы да атап өтемін. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты.  Сондықтан, құрметті қазақстандықтар Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық тілеймін, – деді Ералы Тоғжанов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері