Нұр-Сұлтан 13.4°
×
18.01.2022, 17:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Біз коронавирус зардабынан екі жылда 18 326 адамнан айырылдық - Ералы Тоғжанов

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде коронавирус зардабынан екі жылда 18 326 адам қайтыс болғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Біз коронавирус зардабынан екі жылда 18 326 адамнан айырылдық - Ералы Тоғжанов
фото: ашық дереккөзден

Біз қазір өзімізге және айналадағы жақындарымызға жанашыр болуымыз керек. Біз коронавирус зардабынан екі жылда 18 326 адамнан айрылдық. Бейбіт күнде арамыздағы ардақтыларымызды жоғалттық. Қаталдау естілсе де айтайын - көп жағдайда осыған өзіміз кінәліміз. Тығылып қонаққа бару, ресторанның артқы есігінен кіріп той жасау,  масқа тағуды қажет деп санамау,  санитарлық талаптарды қабыл көрмеу сияқты әрекеттеріміздің кесірінен қаншама адам қайтыс болып кетті. Негізі, «тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» деп аталарымыз бекер айтпаған, – деді ол.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері