Нұр-Сұлтан 13.4°
×
18.01.2022, 15:25
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұрсұлтан Назарбаевты жамандау – елдігімізге, азаматтығымызға сын - Бауыржан Байбек

«Nur Otan» Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бейнеконференция арқылы өткізген жиналысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның дамуына қосқан үлесін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Нұрсұлтан Назарбаевты жамандау – елдігімізге, азаматтығымызға сын - Бауыржан Байбек
фото: ашық дереккөзден

Өткенге баға беру әркімнің қолынан келеді, бірақ ақиқат пен жалғанды ажырату әркімнің өз ар-ұятына байланысты. Ең қиын кезеңде, яғни біз мемлекет боламыз ба, болмаймыз ба деген сонау алмағайып 90-шы жылдары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасты, етек-жеңін жиды. Төңірегімен терезесі теңесті. Жалпы әлемдік қауымдастық мойындады. Елбасы мен сол кездегі аға ұрпақтың 30 жыл бойы мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, шекарасын шегендеп, территориясының тұтастығын сақтауға сіңірген ерен еңбегі ұлт тарихында өзінің оң бағасын алары сөзсіз. Ал, осы жылдары кетеуі кеткен дүниені тезірек түзеуіміз керек. Ол – сөзсіз. Президент жариялаған реформалардың да мәні осы. Бірақ, Мемлекет басшылығынан кеткен Нұрсұлтан Назарбаевты жата жамандау – елдігімізге, азаматтығымызға сын, – деді Б. Байбек.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері