Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев қызметінен босатылды, деп хабарлады Elorda.info "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
Бұл лауазымда Алпысбаев 2019 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істеді. Осы аралықта өзінің жауапты әрі тәжірибелі екенін көрсетті. Ел Президентінің шығысты оңтайландыруға, сыбайлас жемқорлық деректерін анықтауға және т.б. қатысты тапсырмаларын орындау бойынша үлкен жұмыс істеді. Ол мемлекеттік сатып алудың үш жылдық жоспарын әзірлеу кезінде талдау және бюджет қаражатын үнемдеу, неғұрлым тиімді жұмсау секілді мәселелермен айналысты. Аманжол Әлиханұлына жұмысы үшін алғыс білдіреміз және одан әрі кәсіби табыс тілейміз, - деді әкімдіктің баспасөз қызметінің өкілі.