ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева қаңтар айының соңына дейін демалыста болады, деп хабарлады Elorda.info Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус инфекциясын жұқтырған Дариға Назарбаева қаңтар айының соңына дейін оңалту курсынан өтуіне байланысты ақысыз демалыста болады,– деп хабарлады оның баспасөз хатшысы.
12 қаңтарда кейбір БАҚ-тар Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева коронавирус инфекциясымен ауырып, үйде жатқанын жазған болатын.