Серік Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Elorda.info.
Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Серік Жүсіпұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.
Серік Сүлейменов 2020 жылдың сәуірінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі болып тағайындалған болатын.