Нұр-Сұлтан 9.4°
×
17.01.2022, 17:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мемлекет басшысы Үкіметке тым көп басқару құрылымдарын қысқарту бойынша тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен халықтың мүддесіне бағытталған табыстарды арттыру үшін «Самұрық-Қазына» мен Үкімет арасындағы өзара қатынастардың сипатын өзгерту қажет екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы Үкіметке тым көп басқару құрылымдарын қысқарту бойынша тапсырма берді
фото: ашық дереккөзден

Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда өткен Мәжілістің пленарлық отырысында «Самұрық-Қазына» қорының қызметін толығымен трансформациялау қажет екенін айтқан болатын.

Қордың портфельді компаниялары – ұлттық экономиканың жүйе құраушы құрылымдары. Сондықтан қазір экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру және ресурстарды ел игілігіне бағыттау жөніндегі міндеттердің орындалуы қордың жұмысына байланысты.

Мемлекет басшысының пікірінше, Үкімет, ең алдымен, тым көп басқару құрылымдарын қысқартумен айналысуы керек. Сонымен қатар мемлекет пен халықтың мүддесіне бағытталған табыстарды арттыру үшін «Самұрық-Қазына» мен Үкімет арасындағы өзара қатынастардың сипатын өзгерту қажет, – делінген хабарламада.

Президент Үкіметтен экономиканың негізгі салаларында шынайы бәсекеге негізделген орта қалыптастыруды және қор мен ұлттық компаниялардың сатып алу жүйелерінің ашықтығын қамтамасыз етуді талап еткені айтылды.

Президенттің пікірінше, мемлекет экономикаға көп араласа бермеуі керек және осы тұрғыда  "Самұрық-Қазына" қорының активтерін жекешелендіру ісін жандандыруы қажет.  Осыған орай жекешелендіру кезінде ашықтықты сақтау маңызды. Онсыз экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру мүмкін емес. Мемлекет басшысы Үкіметтен және жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комиссиядан нақты ұсыныстар мен іс-әрекеттер күтеді, - делінген мәлімдемеде.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері