Премьер-министр Әлихан Смайылов Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы А. Жапаров Ә. Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, ҚР-да тұрақтылықтың тезірек қалпына келуіне және елдің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерінің табысты шешілуіне тілектестігін білдірді. Тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.
Қазақстан Үкіметі бауырлас Қырғыз Республикасымен стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын берік ұстанады, - деді Әлихан Смайылов.
Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.