Нұр-Сұлтан 18.6°
×
12.01.2022, 21:03
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

АҚШ Қазақстан Үкіметіне алғыс білдірді

АҚШ елшілігі мен консулдығы Қазақстан Үкіметіне Америка қызметкерлері мен азаматтарының бір бөлігін Алматыдан уақытша эвакуациялауды қолдағаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

АҚШ Қазақстан Үкіметіне алғыс білдірді
Фото: ашық дереккөз

АҚШ Қазақстан Үкіметіне 12 қаңтарда АҚШ консулдығының кейбір қызметкерін, АҚШ азаматтарын және басқа да шетел азаматтарын Алматыдан уақытша эвакуациялауды қолдағаны үшін алғыс білдіреді. Қазақстан әрқашан Америка құрама штаттарының сенімді досы болған. Біз қазақстандықтардың табандылығына және осы дағдарыстан шығатынына сенеміз, - делінген АҚШ елшілігінің хабарламасында.

Сондай-ақ АҚШ Қазақстанның конституциялық институттарын да толық қолдайды. Бұл туралы АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 6 қаңтарда Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіге айтқан болатын.

Қызметкерлеріміз жағдай жақсарғанда Алматыға оралады деп үміттенеміз, - деді елшіліктегілер.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері