Нұр-Сұлтан 13.9°
×
12.01.2022, 09:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Үкімет құрамына кірген жаңа министрлер ант қабылдады

Бүгін үкіметтің жаңа құрамының бірінші отырысы басталды. Шенеуніктер Қазақстан халқына салтанатты түрде ант берді, деп хабарлады Elorda.info  тілшісі.

Үкімет құрамына кірген жаңа министрлер ант қабылдады

Премьер-министр Әлихан Смайылов бастаған үкіметтің алғашқы отырысы жаңа министрлердің ант қабылдауынан басталды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, энергетика министрі Болат Ақшолақов, ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров, әділет министрі Қанат Мусин, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев кезек-кезек ант берді.

Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін! – деді үкіметтің жаңа мүшелері.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері