Нұр-Сұлтан 20.6°
×
11.01.2022, 09:45
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бүгін Президент еліміздің жаңа Премьер-министрінің кандидатурасын ұсынады

Бүгін, 11 қаңтарда сағат 11:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысына қатысады, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін Президент еліміздің жаңа Премьер-министрінің кандидатурасын ұсынады
Фото: Ақорда

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Бүгін сағат 11.15-те Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-министрінің кандидатурасын ұсынатын болады. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды, - деп жазды Берік Уәли.

Жиын «Хабар 24» телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері