Нұр-Сұлтан 13.9°
×
10.01.2022, 15:35
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңа құрамын ертең ұсынады

Мемлекет басшысы бұл туралы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңа құрамын ертең ұсынады
Фото: ашық дереккөз

Мен ертең Парламентке Үкіметтің жаңа құрамы бойынша ұсыныс енгіземін. Елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселе бойынша нақты міндеттер қоямын. Жақын арада ауқымды лаңкестікке қарсы операция аяқталады. Онымен бірге ҰҚШҰ-ның бітімгерлік миссиясы аяқталады. Ең бастысы – ҰҚШҚ кеңістігінде болашақта осындай оқиғаларды болдырмау. Алдағы жақын болашақта біздің мақсатымыз да осы болмақ деп ойдаймын. Қазақстан бұл жұмысқа дайын және одақтастарын әркез қолдайды, - деді Тоқаев. 

Еске салсақ, отырысқа  Ресей президенті Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась қатысты.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері