×
08.01.2022, 10:58
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бірлік бар жерде алынбайтын қамал, еңсермейтін кедергі жоқ – Ерлан Каналимов

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов қала тұрғындарын әрбір ақпаратты саралап, қаңқу сөздерге ермеуге шақырды, деп хабарлады Elorda.info.

Бірлік бар жерде алынбайтын қамал, еңсермейтін кедергі жоқ – Ерлан Каналимов
фото: ашық дереккөзден

Құрметті қала түрғындары! Президентімізді қолдап, сенім артып, Тәуелсіздігіміз бен елдігімізді сақтауға күш салатын уақыт келді. Қымбатшылық проблемасын былай қойғанда, ендігі мәселе елдігімізді, тәуелсіздігімізді сақтап қалу деңгейіне жетіп отыр. Президент бейбіт шеру кезінде айтылған халықтың талап-тілегі мен ұсынысын тыңдап, ескерді. Шұғыл шешімдер қабылдады. Әлі де бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр.

Қазір Қасым-Жомарт Кемелұлы талай істің басын қайырып жатыр. Сіздің, біздің, бала-шағамыздың, еліміздің амандығы үшін күресуде. Дәл қазіргідей сын сағатта Президентті қолдап, сенім артып, үндеуіне құлақ асуға шақырамын. Елдегі ахуал әлі де күрделі. Әр тарапқа бөлінбей, бірігетін, бір тудың астына шоғырланатын күн бүгін. Сондай-ақ, елордадағы, өзге өңірлердегі эпид.ахуал да күрт нашарлады. Індет жұқтырғандар қатары артып жатыр. Бұл да уайымдатарлық жағдай.

Бұзақылық жасап жатқан топтың алдын ала әбден дайындылғаны, қаржылық қолдау көріп, толық ойластырылған жоспармен жүргені белгілі болды. Елдегі бейбіт шеруді сыртқы күштер өз пайдасына жаратып жатыр. Сондықтан барлығыңызды ел болып бірігуге, халық болып жұмылуға шақырамын.

Бірлік бар жерде, алынбайтын қамал, еңсермейтін кедергі жоқ. Жақындарыңызды сақтаңыздар! Әрбір ақпаратты саралап, қаңқу сөзге ермеңіздер. Бірге болайық! Елімде бейбіт, тыныш күндер қайта орнайды деп сенемін!, – деді Е. Каналимов өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері