Нұр-Сұлтан 18.6°
×
22.12.2021, 10:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстан Қытайға нота жолдады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі шекарада тұрып қалған жүктер бойынша Қытайға нота жолдады, деп хабарлайды Elorda.info.

Қазақстан Қытайға нота жолдады

Бұл – Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Қытайға жіберген төртінші дипломатиялық хаты. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім етті.

Сондай-ақ ведомство Қытай үкіметімен келіссөздер жүргізіліп жатқанын, соңғы кездесу қараша айында өткенін атап өтті. Нәтижесінде автомобиль және теміржол өткізу пункттерінде өткізу қабілетін біртіндеп арттыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

ҚХР қабылдай алатын жүк пойыздарының саны 11-ге дейін өсті, ал бұрын күніне 8 пойыз ғана өтті.

Еске салсақ, Қазақстаннан Қытай бағытына қарай мемлекеттік шекарадағы жүк көліктерінің кептелісі күн санап артып жатыр. Қытаймен кедендік шекарада электронды кезекке 11 731 көлік тіркелеген. Іс жүзінде кезекте тұрғандар саны 228 көлік: «Бақты» бекетінде – 177, «Нұрлы жол» бекетінде – 51 көлік.

Өзбекстанмен шекарада 40 автокөлік кезекте тұр. «Б.Қонысбаев» өткізу пунктінде – 10, «Атамекенде» – 10, «Қапланбек» өткізу пунктінде – 8, «Қазығұрт» өткізу пунктінде – 12 автокөлік тұр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері